Әлем

Жалқауларға арналған робот жасалды

Құрылғы келесі жылдың соңында сатылымға шығады деп жоспарланып отыр
Sputnik

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Американың Калифорния штатында киім бүктейтін FoldiMate роботын шығарумен айналысатын стартап пайда болды. Жобаның бейнепрезентациясы Mashable басылымының сайтында жарияланған.

Енді автокөліктер жүргізушінің ойын оқитын болады

Алғашқы гаджеттер 2019 жылдың соңында сатылымға шығады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда роботтың тұжырымдамасы дайын. Әрбіреуі 980 доллар тұрады. 

Роликте көрсетілгендей, киім құрылғыға қойылғаннан кейін бірнеше секундтан соң бүктеліп, кері шығарады. Басылымның ақпаратынша, мұндай робот жалқаулар үшін жақсы.