АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Астана полициясы қала тұрғындарынан балалар орталығынан ақша ұрлаған ұрыны ұстауға көмек сұрайды, деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Балалар орталығының басшысы полицияға 5 қаңтар күні сағат 13.30 шамасында белгісіз біреу кассадан ақша ұрлағанын айтып, арызданған.
"Холлда қызметкердің жоқ екенін пайдаланып, қаскүнем әкімшілік орын-жайындағы үстелден шамамен 90 мың теңгені ұрлап кеткен", — деп хабарлады ІІД.
"Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Астана қаласының ішкі істер департаменті аталған қылмысты жасаған күдіктінің кім екенін анықтауға көмек көрсетуді сұрайды. Қандай да бір ақпарат білетіндер 8 (7172) 716710, 8 (7172) 716711 ("Алматы" ауданы ІІБ кезекші бөлімі) телефондары арқылы немесе 102-ге хабарласуына болады.