Өңірлер

Ақмола облысында зейнеткер мен ұлы өз үйінде үсіп өлді

Қайтыс болғандардың үйінде көмір де, отын да болған
Sputnik

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысында егде жастағы ер адам мен оның ұлы өз үйінде үсіп өлді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне құқық қорғау органдары хабарлады. 

Қайғылы оқиға 6 қаңтар күні болған.

Киім-кешек алу үшін Қытайға барған әйелдер жолда үсіп қала жаздады

"Жер үйден екі адамның денесі табылды: 1937 жылғы ер адам, ол "лимфа түйінінің қатерлі ісігі" диагнозымен аудандық орталық ауруханада есепте тұрған және оның 1971 жылы туған ұлы. Алдын ала болжам бойынша, әкесі мен ұлы суықтан үсіп өлген, денелері мәйтханаға жіберілді, қажетті сараптама белгіленді", —деп хабарлады құқық қорғау органынан. 

Екі ер адамның нақты неден қайтыс болғаны ресми қорытындыдан кейін белгілі болмақ. 

Біржан сал ауданы әкімдігінен мәлімдегендей, көз жұмғандардың үйінде отын да, көмір де болған. Жақсы отбасылардың бірі саналыпты.