Өңірлер

Қостанайда анасы 13 жастағы қызын пышақтап тастады

Қызын пышақтап тастаған әйел мас болған
Sputnik

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Қостанай қаласы балалар ауруханасына кеудесінен пышақ жарақатын алған қыз жексенбі күні кешке түскен, деп жазады "Костанайские новости" жергілікті басылымы.

Оралда үш жасар сәбиге 18 рет пышақ салған

"Шұғыл түрде операция жасадық. Кеудесі, қарны мен бауырының сол жақ бөлігінен жарақат алыпты. Ішіне қан құйылған. Орташа дәрежедегі анемия. Шок", — деді бас дәрігер Игорь Белобржицкий.

Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр болғанымен, бір қалыпты.

Басылымның мәліметінше, анасы мас күйінде қызына пышақ салыпты. Оны полиция қызметкерлері ұстады.