Өңірлер

Бурабайда қонақ үй өртенді

Ғимаратта ешкім болмапты, қонақ үй жазда ғана істейді екен
Sputnik

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысы Бурабай демалыс орнында қонақ үй өртенді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыда өндірістік цех өртенді

Оқиға Бурабай ауданы Қотыркөл ауылында 7 қаңтарда болған.

"Уют" қонақ үйінің түнде шатыры өртеніп кетті. Өртті сөндіруге жеті техника қатысқан, өртену аумағы 120 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен құрбандар жоқ", — деп мәлімет берді ТЖД.

Өрт электр желісіндегі қысқа тұйықталу салдарынан шыққан. Қонақ үй жазда ғана істейтіндіктен, туристер болмаған.