АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Қостанайда ауруханада ер адам өз-өзіне қол салды, деп жазады "Костанайские новости" жергілікті басылымы.
"Бүгін 6 қаңтарда сағат 14:00 кезінде қалалық ауруханада ер адам өз-өзіне қол салып көз жұмды. Палатада бірге жатқан көршісі ер адамның түннен бері өзін бір түрлі ұстағанын айтты. Бұл жайында дәрігерлерге айтылғанымен, ешкім мән бермеген. Препараттардың әсерінен науқас психозға шалдыққан болуы мүмкін", — деп жазды әлеуметтік желідегі "Любимый Костанай, для всех и про все" тобының администраторы Мария Абабкова.
Науқас хирургия бөлімінде жатқан екен. Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері Самат Шүменбаев қайғылы оқиғаның болғанын растады. Полиция әзірше ешқандай мәлімет берген жоқ.