Оқиға

Алматыда өндірістік цех өртенді

Тілсіз жаудың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Sputnik

АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Алматыда металл бұйымдар мен төбе жабындысын өндіретін цех өртенді, деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.   

ТЖД мәліметінше, өрт сенбіден жексенбіге қараған түні шыққан. 

"Сағат 02:03-те Алматы ТЖД "101" пультіне Жетісу ауданы,  Бродский көшесі, 37 мекенжайындағы ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру көлігі оқиға орнына 7 минуттан кейін, сағат 02:10-да жетті", — деп жазылған хабарламада. 

Алматыда металл бұйымдар мен төбе жабындысын өндіретін цех өртенді

Белгілі болғандай, металл бұйымдар мен төбе жабындысын шығаратын цех өртенген. 

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды бір сағат ішінде, сағат 03:10-да сөндірді.  

Жалын 750 шаршы метр ғимараттың 290 шаршы метріне шарпыған.  

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.