Айға екі рет ұшқан астронавт өмірден озды

NASA астронавты Джон Янг 87 жасында қайтыс болды
Sputnik

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Америкалық астронавт Джон Янг 87 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды РИА Новости.

Джон Янг Айға екі мәрте аттанған, НАСА агенттігінде ең ұзақ, 42 жыл қызмет еткен ардагер астронавт. 

"87 жастағы астронавт Джон Янгтың қазасы бәрімізге ауыр тиді. Янг Айға екі рет ұшты, ол Айдың бетінде жүріп, шаттлдың алғашқы миссисына қатысты», — делінген НАСА агенттігінің хабарамасында. 

Янг барлығы ғарышта алты рет болған.