Әлем

Досын қорқытпақ болған жас жігіт оны абайсызда өлтіріп алды

11 жастағы жасөспірім 17-қабаттан құлап қаза тапты
Sputnik

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Реутов қаласында 11 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім 17-қабаттан құлап көз жұмған, деп хабарлайды РФ ТК өңірлік тергеу басқармасы. 

Мектепте босанған мұғалім баланы сөмкеге жасырамын деп өлтіріп алды
Тергеу нұсқасы бойынша, 30 желтоқсан күні 19 жастағы жігіт 11 жастағы досымен киімдерін алып кету үшін Мәскеуден Реутов қаласына келеді. Шаруасын бітірген соң, олар тұрғын үйлердің біріне кіріп, қаланы жоғарыдан тамашалау үшін 17-қабатқа көтерілген. Лифт холында жасөспірім терезе алдындағы тақтайға шығып, терезеден басын шығарған. Осы сәтте жас жігіт оның артынан келіп, аяқтарынан ұстап, жоғары көтеріп қорқытпақ болыпты. Алайда бала төмен қарай құлап кеткен. 

Осыдан кейін жас жігіт терезені жауып, досының ұялы телефонын қоқыс контейнеріне лақтырады. 

Полиция бозбаланы қамауға алды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.