Әлем

Енді автокөліктер жүргізушінің ойын оқитын болады

Nissan көліктерге адамның ойын оқуды үйрететін нейроинтерфейсті таныстырды
Sputnik

АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Жапониялық Nissan автоконцерні көліктерін жүргізушінің ойы мен тілегін оқуға үйретуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды piter.tv.

Түрікменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды

Nissan компаниясы әлемде алғашқы болып ақылды автокөліктерге иелерінің ойын оқуға мүмкіндік беретін жүйе әзірледі. 

TechCrunch басылымының ақпаратынша, Braint-to-Vehicle жүйесі әлемдегі ең ірі CES-2018 инновация көрмесінде таныстырылады. Жапон мамандары әзірлеген нейроинтерфейс мидың толқындық белсенділігін есептейді. Алынған мәліметтер негізінде автокөліктер жүргізушінің не ойлап, қалап тұрғанын оқып, адамнан бұрын әрекетке көшеді. Nissan жаңашылдығы жүргізушісіз көліктерде, сондай-ақ классикалық машиналарда да қолданылады деп жоспарланып отыр. 

Инженерлердің айтуынша, нейроинтерфейс жол апаты кезінде жүргізушіден 0,2-0,5 секундқа ерте қимылдауға мүмкіндік бермек. B2V жұмысы мидың электроэнцефалографиясына негізделген – жүргізуші үнемі датчиктер мен компьютерге қосулы болады.