Әлем

Түрікменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды

Мемлекеттік мекемеде істейтін әйелдер рөлге отырмаймыз деп қолхат жазып берген
Sputnik

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Түрікменстанда бір айдан бері әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған. Әуелі полиция темір тұлпарлы нәзік жандыларға жай ескерту жасайтын, ал енді куәліктерін тартып алып, көліктерді айыппұл тұрағына тоғытуда, деп жазады "Альтернативные новости Туркменистана" сайты.

"Басында қалжың шығар деп сенбедім, кейін өз басыма да келді, — дейді Ашхабад тұрғыны. — Қазір әйелдер рөлге отырудан қорқатын болды, көпшілігін күйеулері жұмысқа әкеп салып, алып кетеді".

Басылымның хабарлауынша, мемлекеттік мекемелерде жұмысқа өз көлігімен келген әйелдерден енді рөлге отырмаймыз деген қолхат алыныпты.

Бұл шара көлік апатының басым көпшілігі әйел жүргізушілердің кесірінен болады деген статистикаға байланысты қолданылған.