Әлем

Ғалымдар адамзаттың жер бетінен қанша күнде жойылып кетуі мүмкін екенін айтты

Егер адамдар тек бір-бірінің етін жеумен күн көрсе, онда адамзат Жер бетінен 1149 күннен кейін жойылып кетеді
Sputnik

АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Егер Жер бетінде азық-түлік қалмай, ал адамдар тек бір-бірінің етін жеумен күн көрсе, онда адамзат үш жылдан кейін толығымен жойылады. Арнайы зерттеу жүргізген британиялық ғалымдар осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Бүгінде Жер шарында 7,6 миллиардтан астам адам тұрады. Бізді "егер Жер бетінен барлық азық-түлік құрып, жаһандық дағдарыс орнаса не болады" деген ой мазалады. Егер адамзат тек адам етімен ғана күн көрсе, олар қаншаға шыдайды",- деп жазады Лестер (Ұлыбритания) университетінің маманы Холли Грэм және оның әріптестері. 

Соңғы жылдары ғалымдар Еуропаның алғашқы тұрғындары өз жауларының немесе аталастарының етін жегенін дәлелдейтін көп айғақ тапты. Мәселен, былтыр палеонтологтар Марильяк үңгірін мекендеген неандерталдықтардың өлген ағайындарының сүйектерін сындырып, аяқ-қолдарын денесінен бөлек жұлып алғанын анықтаған. Десек те бұл мәселе талай пікірталасқа тақырып болатыны анық, себебі ғалымдардың дені мұны жерлеу рәсімінің бір бөлігі болуы мүмкін деп санайды. 

Ғалымдар қандай әйелдердің әдемірек екенін анықтады

Сонымен қатар, таяуда палеогенетик және палеонтолог Йоханнес Краузе неандерталдықтар арасында каннибализм болғанын айғақтайтын дәлел тапты. Испанияның солтүстігіндегі үңгірден ежелгі адамдардың "асханада өңдеуден өткен" сүйектері табылған.

Ғалымдар адам денесінде болатын калория мөлшерінің көмегімен Жер бетіндегі адамдар тек адам етін жеумен күнелтсе, қанша күн өмір сүретінін есептеп көрді. 

Британиялық зерттеушілердің есептеуінше, бір адамның денесінде 125 мыңға жуық килокалорий бар, бұл бір тәулік ішінде  тағы 50 адамды энергиямен қамтамасыз етуге жететін көрінеді. Сол себепті "азық-түлік дағдарысы" орнаса, алғашқы күні адамзаттың 1/50-і, екінші күні тірі қалғандардың 1/50-і Жер бетінен жойылып кетеді.  

Ғалымдар семіздікті жеңу тәсілін тапты

Егер адамдар күнкөріс қамына кірісіп, басқа тамақ түрлерін іздемесе, онда 1149 күн, яғни шамамен үш жылдан кейін Жер бетінде тек бір ғана каннибал тірі қалады. Бір қызығы, ғаламшар халқының басым бөлігі тамақсыз 200 күнге ғана шыдайды. 

"Егер каннибалдардың бір бөлігі топтарға бірігіп, басқа адамдарды бірлесіп "аулап", ет қорын ұлғайтса, онда Жер бетінде бұдан да көп адам тірі қалуы мүмкін. Яғни "каннибалдар дәуірі" бірнеше он жылға, тіпті жүз жылға созылуы ықтимал", — дейді ғалымдар.