АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Павлодарда көшелердің бірінде мас күйінде ұйықтап қалған адамның ұялы телефоны мен жарты миллион теңгеден астам ақшасын қайтарып берген тәртіп сақшысы марапатталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында Успен ауданының тұрғыны ішімдік ішіп, Қайырбаев көшесі маңындағы дүкендердің бірінің жанында ұйықтап қалған.
"Қалалық ІІБ Орталық ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қайрат Қайырбеков әкімшілік тексеріс жүргізу кезінде 62 жастағы тұрғынды тауып алған. Ол өз еркімен жүре алмаған ер адамды полиция пунктіне дейін көтеріп апару үшін өтіп бара жатқан адамнан көмек сұраған. Учаскеде ер адам құжаттарын шығарғанда қалтасынан ақша ұялы телефоны құлап түскен. Қайрат ер адамның ұялы телефонынан қызының нөмірін тауып алып, оған әкесінің қатты мас екенін айтқан. Кейін 845 000 теңге мен құжаттарды қызына қолхат арқылы тапсырды. 62 жастағы аудан тұрғыны полиция капитаны Қайрат Қайырбековке алғысын білдірді", — деп хабарлады баспасөз қызметі.