Әлем

Танымал көріпкел 2018 жылға қандай жорамал айтқан?

Нострадамус әлемде үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деп жазған
Sputnik

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Орта ғасырдағы атақты француз астрологы, дәрігер, ғалым және көріпкел, Нострадамус деген атпен көпшілікке танымал Мишель де Нотрдам жорамалында үшінші дүниежүзілік соғыс басталып, табиғи өзгерістер болатынын айтқан, деп жазады Sputnik Молдова.

Қазақстанды 2018 жылы қандай оқиғалар күтіп тұр?

Өз жорамалын астролог "Мишель Нострадамустың жорамалдары" кітабында жазып қалдырған болатын. Жорамалдар төрт шумақты ұйқас өлең түрінде жазылып, жүз-жүзден топтастырылған.

Нострадамустың көрегендігіне сүйенсек, әлемде үшінші дүниежүзілік соғыс басталып, салдарынан пайда болған ірі экономикалық дағдарыс ұзаққа созылады.

Сонымен бірге, адамзат баласы табиғи апаттардан зардап шегеді деген. Олардың ішінде Неаполь маңындағы Везувий жанартауының атқылауын атап өтіпті. Жанартаудың атқылауы салдарынан жер бес минут сайын сілкініп, алты мыңнан астам адам қаза табады-мыс.

Нострадамус хабарлағандай, бүкіл әлем бірнеше толқын жер сілкінісін бастан кешеді. Ол АҚШ-тың батысын қамтиды. Көріпкел 2018 жылы Жерге комета құлайды деп жазған.

Жағымды бір ғана жорамал – адам өмірінің ұзақтығы 200 жылға дейін жетеді. Бұған медицинадағы прогресс үлесін қоспақ. Бір қызығы, адамдар жануарлармен тілдесуді үйренеді деп те болжам жасаған.