Өңірлер

Шенеуніктерді жемқор деп айыптаған кәсіпкердің өз қылмысы әшкере болды

Бизнесмен жерлесін бопсалап, қомақты қаражат пен үш бас жылқы талап еткен
Sputnik

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды КТК.

Алматыда ІІМ қызметкерлері парамен ұсталды

Басы даудан арылмайтын Михаил Барсуковский бұл жолы Шарбақты ауылының тұрғынынан 10 мың доллар мен үш бас жылқы талап еткен көрінеді.

Тергеу кезінде анықталғандай, кәсіпкер әуелі жерлесінің үш бас жылқысын айдап әкеткен. Бірнеше күннен соң қоқан-лоққы көрсетіп, талап еткен ақшаның жартысын, яғни 5 мың долларды алдыртыпты. Полицейлер кәсіпкерді сол ақшаны алып жатқан жерінен ұстаған. Сөйтсе, ол ер адамды масқаралайтын видеоларды ғаламторға жариялаймын деп қорқытып келіпті. 

62 жастағы Михаил Барсуковскийдің өзі желі қолданушылары арасында "Спрут" фильмдерінің авторы ретінде танымал. Бұған дейін Шарбақты ауданының әкімі мен ондағы полицейлерді түгел жемқор деп айыптаған Михаил бұл іске прокуратураның араласуын сұраған еді. 

Ақыры өзі ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған Барсуковский сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Кінәсі дәлелденген жағдайда төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.