АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, оңтүстікте ғана атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі. Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман және бұрқасын 15-20 м/с.