Әлем

Қырғызстанда бір отбасын ойрандағандарға кімдер көмектескені белгілі болды

Қылмыскерлер екі әйелді үйінде атып кеткен, олар сол жерде жан тапсырды. 2 қаңтар күні үш күдікті ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Қырғызстанның Беловодское ауылында екі әйелді өлтірді деген күдікпен тағы үш жігіт ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстанда жас жігіттер жаңа жыл түні бір шаңырақты ортасына түсірді
Шу облысы ішкі істер бас басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жыл түні белгісіз біреулер Беловодское ауылында тұратын отбасыға қарақшылық шабуыл жасап, анасы мен қызын атып кеткен. Қылмыскерлер үйдегі 100 мың сомды алып, ізін жасырған.  

Әйелдер сол жерде жан тапсырған. Сондай-ақ отағасы  ауыр жарақат алыпты. 2 қаңтар күні үш күдікті ұсталды.    

"Тергеу барысында бұл қылмысқа қатысы бар тағы үш адам анықталып, ұсталды. 1998,  1987 және 1985 жылы туған күдіктілер Шу облысы мен Бішкек қаласының тұрғындары болып шықты ", — деп жазылған хабарламада.

Ұсталғандардан жауап алынып жатыр.