Экономика

Жаңа жылдан бастап елімізде темекі қымбаттады

Темекінің ең төменгі бағасы 20 теңгеге өсті, ал бірінші шілдеден бастап тағы да осынша теңгеге қымбаттайды
Sputnik

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда темекі қымбаттады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен жылы темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын бекіту туралы қаулыға үкімет енгізген өзгерістер күшіне енді.

Енді бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 340 теңгеге жетті. Бірақ бағаның өсуі мұнымен тоқтамайды. Үкіметтің сол қаулысымен 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін шылымның ең төменгі бағасы 360 теңгеге дейін көтеріледі.  

Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 380 теңгеге жетеді.