Қоғам

Қазақстандықтардың 2017 жылы VIP-нөмірлерге қанша ақша жұмсағаны белгілі болды

Мамандандырылған ХҚКО-да 4,5 мыңнан астам "әдемі" нөмір сатылған
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. 2017 жылы қазақстандықтар "әдемі" нөмірлерге 1,7 млрд теңге жұмсады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай фейсбуктегі парақшасында жазды. 

Елімізде 16 мыңға жуық қымбат нөмір сатылып кетті

Оның айтуынша, былтыр мамандандырылған ХҚКО-лар 4,5 мыңнан астам әдемі нөмір сатқан. 

"Мамандандырылған ХҚКО-да 1,7 млрд теңгеге тарта сомаға жоғары сұранысқа ие 4 539 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі сатылды", — деп жазды Жұманбай. 

Сондай-ақ, 2017 жылы 1 415 366 көлік тіркелген. 

"Бүгінгі таңда республикада 13 мамандандырылған ХҚКО мен 2 сектор жұмыс істейді. Олар 2017 жыл ішінде 1 778 162 (2016 жылы – 1 209 863) мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде көлікті тіркеу туралы 1 415 366 (956 442) куәлік және 362 796 (253 421) жүргізуші куәлігі берілді", — деді ол.