Оқиға

ОҚО тұрғыны жаңа жыл түнінде жантүршігерлік қылмысқа барды

Полицейлер 45 жастағы күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам қызғаныштан бірге тұрып жатқан көңілдес әйелін өлтірген. Жаңа жылдық мереке күндері болған жантүршігерлік қылмыс туралы otyrar.kz өңірлік ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Полицияның хабарлауынша, бұл қылмыс Сайрам ауданындағы ауылдардың бірінде жаңа жыл түнінде болған. Ер адам азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан ұрып өлтірген. Әйелдің денесін тәртіп сақшылары үйден тапты. 

Полицейлер 45 жастағы күдіктіні 1 қаңтарда ізін суытпай ұстаған. ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.