Оқиға

Батыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам қаза тапты

Орал-Атырау тас жолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Батыс Қазақстан тас жолында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыда жол апаты кезінде темір қоршау жүргізушінің қолын жұлып кетті

Жол апаты Орал-Атырау автожолында 2 қаңтарда болған.

Атырауға бара жатқан Volkswagen Passat КамАЗ көлігінен озбақшы болып, қарсы беттік қозғалыс жолағына өткенде, Kia Rio көлігімен бетпе-бет соқтығысыпты.

"Апат салдарынан 40 және 50 жастағы екі әйел жедел жәрдем келгенше қаза болды. Бес адам аудандық ауруханаға жеткізілген. 50 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Қалғандары әл үстінде жатыр", — деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы ІІД.