АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде аяз болады.
"Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райына суық Сібір антициклоны әсер етеді. Алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз, аяз болады, температура климаттық нормадан 2…4 градусқа төмен",- делінген хабарламада.
Тек Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңірлері арқылы ығысатын циклонның әсерінен оңтүстік облыстарда күн жылынады, кей жерлерде жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болады.