АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Астана әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы 3 қаңтарға қараған түні 53 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Астана әкімдігі баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Қазасының себебі әлі белгісіз, бірақ қайғылы оқиға салдарынан болмаған", — деп хабарлады әкімдікте.
Рысбеков Талғат Тастыбайұлы 1966 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Құрылыс басқармасы басшысының қызметін 2015 жылдың тамыз айынан бері атқарған.