Оқиға

Қостанайда зейнеткер анасын табамен ұрған ұлын өлтіріп тастады

Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысы Жітіқара ауданының 77 жастағы тұрғыны анасын соққыға жыққан 45 жастағы ұлын өлтірді. Аталған фактіге қатысты ақпаратты Жітіқара ауданы прокурорының орынбасары Руслан Өмірзақов растады, деп хабарлайды alau.kz.

Қостанай облысының тұрғыны туған ұлын аяусыз ұрып өлтірді

Қайғылы оқиға 28 желтоқсан күні болған. 

Жітіқараның 45 жастағы тұрғыны 76 жастағы анасымен сөзге келіп, оны табамен басынан және денесінен ұрған. Кейін 77 жастағы әкесін қорқытқан. 

"Осы кезде ашуға булыққан әкесі жақын жерде тұрған балғаны алып, ұлының басынан бірнеше рет ұрған. Салдарынан ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 102-бабы "Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді Жітіқара ауданы прокурорының орынбасары. 

Істің мән-жайын, күдіктінің жасын ескере отырып, қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды.