АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. 1 қаңтардан бастап 21 елді мекенде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды www.kazhydromet.kz.
"Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етіп, көк түтін басуына себеп болатын қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Бұл кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін", — делінген хабарламада.
Көк түтін басуы мүмкін елді мекендер: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Ақсу, Ақсай, Балқаш, Екібастұз, Жаңаөзен, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Риддер, Тараз, Теміртау, Өскемен, Орал, Шымкент, Жаңа Бұқтырма кенті.