Спорт

Головкин 2017 жылдың үздік боксшысы атанды

Дүниежүзілік бокс федерациясы жүргізген сауалнама бойынша, Геннадий Головкин өткен жылдың үздік боксшысы атанды
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық боксшы, WBA/WBC/IBF бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалнама бойынша өткен жылдың үздік боксшысы атанды.

Дүниежүзілік бокс ұйымы "Жылдың үздік боксшы кім?" деген сұрақпен онлайн сауалнама жүргізді. Оған 4768 дауыс беруші қатысыпты. 

Қатысушылардың жартысы орташа салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді үздік деп таныған.