Қоғам

Байзақова кінәлі емес – адвокат Өтебеков

Айжан Байзақова қыздар арасында шешінуден сайыс өткізіп, сол үшін үш тәулікке қамауға алынған болатын
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Танымал адвокат Джохар Өтебековтің пікірінше, Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде қыздарды шешіндіріп, сайыс өткізген Айжан Байзақованың еш кінәсі жоқ. Ол бұл жайында Telegram арнасында хабарлады.

Айжан Байзақова Zakova клубының жабылғанын хабарлады

"Әкімшілік соттың инста-блогерге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін үкім шығаруы заңға сай келмейді. Ол кофехана немесе отбасылық мейрамханада емес, түнгі клубта балағат сөз айтып, қыздар арасында шешінуден конкурс өткізді. Бұл өткізілген орын мен жиналған жұртқа сай келетін іс-әрекет. Мемлекет өз заңын өзі белден басып жатқаны өкінішті-ақ", — деп жазды Өтебеков. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 желтоқсанында  Байзақова түнгі клубта қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған болатын. Осы қылығы үшін Instagram жұлдызы үш тәулік қамауда отырып шықты.

Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.

Келесі күні "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаевтың парақшасында оннан астам жігіттің қыздардың тәртібін сынға алғаны түсірілген видео жарияланды.