АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысына жауап ретінде мәлімдегендей, АҚШ-тың ядролық батырмасы Солтүстік Кореяныкіне қарағанда әлдеқайда қуатты. Трамп бұл мәлімдемесін Twitter аккаунтында жариялаған.
"Солтүстік Кореяның мемлекет басшысы Ким Чен Ын "ядролық батырмасының үстел үстінде тұрғанын" мәлімдеген болатын. Оның тозығы жеткен режиміне бағынатын біреу айтып барсын: менің де ядролық батырмам бар, оныкінен әлдеқайда үлкен, анағұрлым қуатты әрі менің батырмам істеп тұр!", — деп жазды Трамп Twitter аккаунтында.
КХДР мемлекет басшысы Ким Чен Ын жаңа жылдық құттықтау сөзінде, ядролық зымырандарды ұшыру батырмасының дайын тұрғанын мәлімдеген еді. Солтүстік Корея мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, АҚШ КХДР еліне қарсы соғыс ашуға қауқарсыз.