Қоғам

Елімізде бүгіннен бастап ең төменгі жалақы көлемі артады

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы және зейнетақы көлемі өзгереді
Sputnik

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 284 теңгеге көбейеді.  

Министр: ұстаздар мен тәрбиешілерге жалақы төлеу жүйесі өзгереді
"2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына сәйкес, базалық әлеуметтік төлемдер көлемін анықтауға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 284 теңге көлемінде бекітілді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы ең төменгі жалақы көлемі 24 459 теңге болған еді.  

Сондай-ақ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы көлемі 33 745 теңгеге, айлық есептік көрсеткіш 2 405 теңгеге артады.