Әлем

Ресейдің сыртқы істер министрлігі НАТО-мен келіссөз туралы айтты

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуВиды Москвы
Виды Москвы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2021
Жазылу
НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі және Украинада шабуылдаушы қаруды орналастыруды Мәскеу қарсы, деп мәлімдеді Путин
НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан — Sputnik. Солтүстік Атлантикалық альянстың кеңейтпеу және Ресей шекараларына қауіп төндіретін қару-жарақты енгізюек - АҚШ пен НАТО-мен алдағы келіссөзінде талқыланатын басты мәселе, деді СІМ өкілі Мария Захарова, деп хабарлайды РИА Новости.
"Мұны ресейлік позицияның әлі түсінбегендер ұғынуға тиіс", - деді дипломат.
Өткен аптада Мәскеу АҚШ және НАТО-ға мүше мемлекеттермен жасалған келісімнің жобаларын жариялады. Атап айтқанда, Еуропадағы қауіпсіздіктің өзара кепілдіктері туралы, бір-біріне жақын аймақта орташа және жақын қашықтықта зымырандарды орналастырмау және одақты одан әрі кеңейтуден бас тарту туралы жобалар бар.
РИА Новостиге Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков мәлімдегендей, егер Батыс бұл талаптарға жауап бермесе, конфронтацияның жаңа кезеңі басталуы мүмкін.
Бұл мәселе бойынша келіссөздердің алғашқы раунды қаңтарда өтуі мүмкін деп жоспарланып отыр. Ресей президенті Владимир Путин НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі және Украинада шабуыл қаруын орналастыруға Мәскеу қарсы екенін бірнеше рет атап өтті.
Жаңалықтар
0