Әлем

Челябинск облысында газ құбыры жарылды – видео

© Sputnik / Медиабанкке өтуВзрыв. Архивное фото
Взрыв. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Өрт сөндірушілер құбырдағы қалған газ қашан жанып таусылатынын күтіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Челябинск облысында газ құбыры жарылды, деп жазды Mash телеграм-арнасы.
Оқыс оқиға Чебаркуль қаласына жақын маңда М5 Уфа – Челябинск тас жолында болды.
Өрт сөндірушілер газ құбырындағы шүмектерді жауып, құбырдағы барлық газдың жанып бітуін күтіп отыр.
Желіде лаулап жанған газдың видеосы тарады. Өте жоғары көтерілген өрт бағаны оқиға орнынан бірнеше километр қашықтықтан көрініп тұр.
Кейінірек оқиғаның мән-жайы анықталды: жарылыс бір метр тереңдікте жатқан жоғары қысымды магистральді жерасты газ құбырының бұрылысында болған.
Оқиға орнынан екі километр қашықтықта орналасқан елді мекенге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті уақыт бойынша сағат жеті шамасында өрт толық сөндірілді, деп жазды РИА Новости.
Осыған ұқсас жағдай биыл сәуірде Башқұртстанда болған. Газ құбыры тұрғын үйлерге жақын маңайда таңғы уақытта жарылды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0