Әлем

Қазақстандағы экспонаттар Үлкен Алтай музейіне қойылады

© Photo : Музей АлтГУБляха - накладка в виде льва
Бляха - накладка в виде льва - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Жазылу
Ғалымдар 19 ғасырдан бастап Орталық Азия елдерінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Желтоқсанда "Үлкен Алтай – түркілердің атақонысы" виртуалды музейіне ерте орта ғасырға жататын экспонаттардың 3D-үлгілері қойылады. Ол үшін ғалымдар жеті музейдегі 70 жәдігерді цифрлық өңдеуден өткізді. Бұл туралы Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Сарапшылардың айтуынша, Үлкен Алтай аумағында түркі дәуірінің жүздеген ескерткіші шоғырланған. Ғалымдар 19 ғасырдан бастап көпғасырлық тарихы және мәдениетімен өзара байланысты Орталық Азия елдерінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.
© Photo : Музей АлтГУҮлкен Алтай аумағында түркі дәуірінің жүздеген ескерткіші шоғырланған
Бляхи-накладки, Плотниково - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Үлкен Алтай аумағында түркі дәуірінің жүздеген ескерткіші шоғырланған
"Осы қазба жұмыстарының материалдары әлемнің көптеген музейінде орналастырылған. Бұл түркі әлемінің көне тарихымен байланысты бірегей коллекциялары бар ондаған ірі ұйым. Осыған байланысты мамандарға экспонаттармен танысу және түріктердің мәдениетін біртұтас кешенде таныстыру қиынға соқты. Сондықтан осы мәселені шешу – біздің жобаның басты міндеті болды", - деп атап өтті Алтай археология және этнография музейінің директоры, "Үлкен Алтай – түркілердің атақонысы" виртуалды музейін құрастырушы Ярослав Фролов.
© Photo : Музей АлтГУ Ағаштан жасалған тұтқалы құмыра. Яломан-II қорымы, Алтай өлкесі
Кувшин с ручкой. Дерево. Могильник Яломан-II, Алтайский край  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Ағаштан жасалған тұтқалы құмыра. Яломан-II қорымы, Алтай өлкесі
Оның айтуынша, қазір музейде 60 экспонаттың үлгісі бар. Жақын уақытта Шығыс Қазақстаннан әкелінген материалдар қойылады. Қазір Өскемен қаласындағы музейлерде орналасқан 20 үлгі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы мамандар да виртуалды үлгілермен жұмыс істеп жатыр.
© Photo : Музей АлтГУЕр, Яломан қорымы
Основа седла, Яломан - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Ер, Яломан қорымы
"Біз де цифрландыру жүргізіп жатырмыз. Мысалы, Қастеев атындағы өнер музейі өз экспонаттарының 3D форматындағы базасын жасақтады. Оларды музейдегі интерактивті мониторлардан және музей сайтынан көруге болады. Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптары музейінде қызықты жоба бар: музейге келушілер интерактивті монитордағы топтамадан кез келген аспапты таңдап, оның үнін тыңдай алады", - деді "Қырым аралы" ғылыми-реставрациялау зертханасының директоры Қырым Алтынбеков (Алматы).
© Photo : Музей АлтГУЖапсырма-қаңылтыр белгі. Алтын. Точилное-5 қорымы, Алтай өлкесі
Бляха-нашивка с антропоморфной личиной. Золото. Могильник Точильное-5, Алтайский край  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Жапсырма-қаңылтыр белгі. Алтын. Точилное-5 қорымы, Алтай өлкесі
Оның пікірінше, виртуалдандыру – бұл қашықтыққа, шекара мен карантинге қарамастан жақын болу мүмкіндігі. Интернет музейлерге ғылым мен тарихты насихаттауға көмектесіп отыр.
"Интернетке қосылған кез келген адам әлемнің көптеген музейіндегі экспонаттарды тамашалап, шабыттанып, білім ала алады. Бұл көрерменнің музейді аралап, барлығын өз көзімен көруге деген құштарлығын оятады", - деп түсіндірді Қырым Алтынбеков.
© Photo : Музей АлтГУИнеқап, Чинета II, қорған қорымы, Алтай өлкесі
Футляр-игольник, Чинета II, курганный могильник, Алтайский край - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Инеқап, Чинета II, қорған қорымы, Алтай өлкесі
Ғалым кез келген олжа назар аударуға тұрарлық екенін, себебі ол белгілі бір ақпарат көзі екенін атап өтті. Көп жағдайда әр түрлі сарапшы бұйым мен оның тарихын әртүрлі қарастырады. Сондықтан экспонатты мүмкіндігінше көп маман зерттей алуы маңызды. Ал "Үлкен Алтай – түркілердің атақонысы" виртуалды музейі осы міндетті жүзеге асыруды көздеп отыр.
"Виртуалды түркітану музейі – ғылым мен виртуалды көріністің бірігуінің тамаша бастамасы әрі сирек кездесетін үлгісі. Бұл ғылымның қалың көпшілікке бет бұрғанын көрсетеді: онлайн-көрермендер бұйымды 3D форматта көріп, жәдігердің сипаттамасымен танысып, әдебиеттерге сілтемелерді зерттей алады және олжа табылған жерді картадан қарай алады", - деді Қырым Алтынбеков.
© Photo : Музей АлтГУАлқа. Чинета-II қорымы, Алтай өлкесі
Подвеска в виде антропоморфной личины. Могильник Чинета-II, Алтайский край - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Алқа. Чинета-II қорымы, Алтай өлкесі
Виртуалды музей Ресей ғылым және білім министрлігінің қолдауымен "Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен көптүрлілік" жобасы аясында құрылған.
Жаңалықтар
0