Әлем

Ресей шахтасында 11 кенші қаза тапты – 36 адамды іздестіріп жатыр

© AP Photo / Jeffrey T. BarnesШахтер
Шахтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, 250 метр тереңдікте шахтаның ішін түтін алып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Ресейдік Кемеров облысындағы "Листвяжная" шахтасында қайтыс болған кеншілердің саны 11 адамға жетті. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне жедел қызметтің өкілі хабарлады.

"54 адам зардап шекті, солардың ішінде 11 кенші көз жұмды", - дейді ол.

Оның айтуынша, тағы 36 кеншіні іздестіріп жатыр.

25 қарашада Белово қаласына қарасты Грамотеинский кентінде орналасқан шахтада 250 метр тереңдікте түтін шықты. 285 кеншінің 239-ы сыртқа шығарылды.

Ресей президенті Владимир Путин төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Александр Чуприян мен техникалық қадағалау қызметінің басшысы Александр Трембицкийге Кузбассқа барып, құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға тапсырма берді.

"Президент губернатор Цивилевтен бәрін баяндап беруді талап етті. Сондай-ақ, Путин төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Чуприянмен телефон арқылы сөйлесті. Дәл қазір ол президенттің тапсырмасы бойынша құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды жалғастыру үшін техникалық қадағалау қызметінің басшысы Трембицкиймен бірге Кемеровоға ұшады", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Жаңалықтар
0