Әлем

Путин ревакцинация жасатты

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин принял участие в заседании клуба "Валдай"
Президент РФ Владимир Путин принял участие в заседании клуба Валдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Егер жағдайыма келер болсақ, вакцинаны екі сағат бұрын алдым. Ештеңе сезіп отырған жоқпын, деді Путин

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы "Спутник Лайт" препаратымен ревакцинация жасатты.

Бұл туралы ол Гамалея эпидемиология және микробиология орталығының басшысы Денис Логуновпен кездесу барысында айтты, деп хабарлады РИА Новости.

"Бүгін сіздің кеңесіңізбен өзіме тағы бір екпе салдырттым. "Спутник Лайт" препаратын таңдадым. Бұл ревакцинация деп аталады", - деді Путин.

Айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді.

"Егер жағдайыма келер болсақ, вакцинаны екі сағат бұрын алдым. Ештеңе сезіп отырған жоқпын, жағдайым қалыпты", - деді ол.

"Путин "Спутник Лайт" препаратымен ревакцинацияланды. Негізінен бұл вакцинаның бірінші компоненті. 80 процент жағдайда ревакцинация үшін бір компонент жеткілікті", - деді орталық басшысы Логунов.

Оның айтуынша, иммунитеттің төмендеуімен байлынысты дерт орын алған жағдайда ғана вакцинаның екі компонентін алу қажет. Алайда ондай көрсетілімі жоқ адамдар тек бір компонентпен ревакцинацияланады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0