Әлем

Гамалея орталығының директоры мұрын вакцинасының қауіпсіздігіне баға берді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуСотрудница лаборатории проводит испытания вакцины от COVID-19, иллюстративное фото
Сотрудница лаборатории проводит испытания вакцины от COVID-19, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Қыркүйектің соңында ДДҰ SARS-CoV-2 вирусынан көз жұмғандар мен профилактикалық иммундаудан бас тарту арасындағы байланыс туралы мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. SARS-CoV-2 вирусына қарсы мұрын вакцинасының ешқандай жанама әсері анықталған жоқ. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.

"Күні бүгінге дейін мұрын вакцинасының ешқандай жанама әсері анықталған жоқ", - деді ол.

Қазанның ортасында Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Гамалея орталығы дайындаған SPRAY 08-Гам-КОВИД-Вак-2021 спрейіне клиникалық сынақ жүргізуге рұқсат еткені белгілі болды.

Гинцбург бұл препаратты коронавирусқа қарсы екпе орнына қолдану туралы мәселе клиникалық зерттеулердің нәтижесі бойынша анықталатынын және қазір нақты жауап жоқ екенін мәлімдеді.

Ғалымның айтуынша, мұрын вакцинасын жарты жылда екі реттен көп салғызуға болмайды. Алайда оны бір рет қана салғызу мүмкіндігін де жоққа шығармады. Ол бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет ететінін айтты.

Вакциналау коронавирустан қорғанудың ең тиімді әдісі болып отыр. РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың айтуынша, коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда жатқандардың ішінде екпе салғызғандардың үлесі 0,03%-ті құрап отыр. Стационарда ем қабылдап жатқандардың басым бөлігі вакцина салғызбаған науқастар.

Қыркүйектің соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы SARS-CoV-2 вирусынан көз жұмғандар мен профилактикалық иммундаудан бас тарту арасындағы байланыс туралы мәлімдеме жасады.

Жаңалықтар
0