Әлем

Алла Пугачеваның сыртқы келбеті жұртты таңғалдырды – фото

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуАлла Пугачева
Алла Пугачева - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Примадонна жұрт алдына қысқа шашпен шықты, Пугачеваның суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. 72 жастағы ресейлік әнші Алла Пугачева имиджін түбегейлі өзгертті. Композитор Игорь Николаевтың қызының туған күнінде әнші қысқа шашпен көрінді.

Instagram-да жарияланған суреттерге қарағанда әртіс отбасылық мерекеге күйеуі Максим Галкинмен және сегіз жасар егіздер Лиза және Гарримен бірге келді.

Фотоға пікір қалдырған қолданушылар әншіні бірден танымағанын жасырмады.

"Алла Борисовна, мен сізді танымай қалдым, керемет жарасып тұр!", "Таңғаларлықтай жас көрінеді", "Пугачева шашын қиған ба?", - деп жазды ән сүйер қауым.

Алла Пугачева – ресейлік әнші, продюсер, режиссер, актриса, жүргізуші. Ол "Арлекино" әнін орындағаннан кейін жұртшылыққа кеңінен таныла бастады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0