05:49 24 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
142 0 0

Ол АҚШ долларды санкция құралы ретінде пайдалану арқылы қате әрекет жасап отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин CNBC арнасына берген сұхбатында мұрагері туралы және басқа да өзекті мәселелер жайында айтты, деп жазды РИА Новости.

"Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ"

РФ президенті алдағы сайлауға қатысу ықтималдылығы туралы сұраққа "бұл мәселе туралы айтуға әзірге ерте" екенін мәлімдеді.

"Бұл менің дәстүрлі жауабым. Келесі сайлауға дейін жеткілікті уақыт бар. Бұл тақырыптағы әңгімелер жағдайды тұрақсыздандырады. Ал барлық билік органы, мемлекеттік құрылымдар сенімді жұмыс істеуі үшін ахуал тыныш, бірқалыпты, тұрақты болуы керек", - деді Ресей президенті.

Ол президент қызметі үшін жаңа екінші мерзімге сайлану құқығы бар екенін еске салды.

"Алайда әзірге бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданған жоқ", - деді ол.

Доллар келешегі жайлы

Путин доллар әлемдік резервтік валюта мәртебесінен айырылып жатыр деп санайды. Ол АҚШ долларды санкция құралы ретінде пайдалану арқылы қате әрекет жасап отырғанын айтты.

"Осыған байланысты АҚШ өз қолын өзі кесіп отыр деуге болады. Себебі доллардың әмбебап резервтік әлем валютасы ретінде артықшылығы бар. Ал америкалықтар осы әрекеттері арқылы оны әлсіретіп отыр. Саяси шешімдердің салдарынан олар өз стратегиялық экономикалық мүдделеріне зақым келтіруде", - деді ресейлік көшбасшы.

Ол түрлі елдердің америкалық валютадағы есеп айырысу және резервтері қысқарып жатқанын айтты. Ресей де осы жолмен жүріп келе жатыр.

Әйтсе де Ресей президенті Мәскеу доллардан толық бас тартуды көздемейтінін айтты.

"Энергия ресурстары, соның ішінде мұнай үшін доллармен есеп айырысуға әзірше көңіліміз толады", - деді ол.

Путин АҚШ экономикасындағы ахуалға бүкіл әлемдік экономика бағынышты екенін еске салды. Сондықтан ол аймақта толқулар мен ауытқулардың болмауы Ресей үшін де маңызды.

Оның айтуынша, Мәскеу болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр және өзінің ұзақ мерзімді мүдделері үшін қажетті шешімдер қабылдауда.

Криптовалюта туралы

Путиннің айтуынша, криптовалюта есеп айырысу бірлігі болуы мүмкін, бірақ ол тым тұрақсыз.

"Қаражатты бір орыннан екіншісіне ауыстыру үшін жарамды, бірақ сауда жүргізуге, соның ішінде энергия ресурстарының саудасы үшін қолдануға әлі ерте деп ойлаймын", - деді ол.

Ресей президенті криптовалюта әлі ештеңемен қамсыздандырылмағанын айтты.

"Ол қолданыста бола береді және есеп айырысу құралы ретінде пайдаланылады. Бірақ мұнай немесе басқа да энергия көздерінің саудасында қолдану туралы айтуға әлі ерте деп ойлаймын", - деді ресейлік көшбасшы.

Ол барлығы болашақтың еншісінде екенін айтты. Путиннің пікірінше, криптовалюталар жинақ құралы болуы да ықтимал. Алайда қазір нарық тұрақсыз болғандықтан, бұл жайлы сөз қозғаудың уақыты жеткен жоқ.

AUKUS жайында

АҚШ, Ұлыбритания мен Австралияны біріктіретін AUKUS сынды блоктардың пайда болуы өңірлік тұрақтылыққа зиян келтіреді. Владимир Путин осындай пікір білдірді.

"Менің ойымша, өзара тату болған жақсы, бірақ "біреуге қарсы достасу" жақсылыққа алып келмейді. Бұл барлығымыз күйін күйттеп, қамқорлық танытып жүрген өңірлік тұрақтылыққа зиян келтіреді", - деді Путин.

Ол жағдай шиеленісіп, өңірде түрлі тұрақсыздық туындайтындай өршімейді деп үміттенетінін айтты.

Навальныйдың жазасы

Владимир путин Алексей Навальный туралы сұраққа жауап бергенде Ресей билігі ешкім үшін, әсіресе заң бұзып, саяси қызмет атын жамылған адамдар үшін де эксклюзивті жеңілдік жасамайтынын айтты.

"Сіз айтып отырған азамат жаза мерзімін өтеу мекемесінде отыр", - деп ескертті ол.

2 ақпанда Мәскеудегі Симонов соты "Ив Роше" ісі бойынша Навальныйдың шартты жаза мерзімін жалпы режимдегі түрмеден 3,5 жыл абақтыға жабу жазасына ауыстырды.

Федералдық жазаны өтеу қызметінің мәліметі бойынша, Навальный сынақ мерзімінің талаптарын бірнеше рет бұзған және қамауға алудан бұрын оған іздеу жарияланды.

Нәтижесінде Мәскеу қалалық соты осы жазаны бекітті. Навальный қазір жаза мерзімін өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

 

Тақырып бойынша

Қазақстан мен Ресей транзиттік әлеуетті күшейту жөнінде келісті
Ресей көмірі неліктен Еуропаға қымбатқа түсіп жатыр
Ресей Қазақстанның көмірін неге қабылдамады
Қазақстандағы АЭС құрылысы: Ресей қаржының 90 процентін бере алады - видео
Кілт сөздер:
Владимир Путин, доллар, сайлау
Загрузка...

Басты тақырып