НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Ресейде Екатеринбургтен Сочиге ұшып шыққан ұшаққа найзағай түсті, борт Краснодарға аман-есен қонды, ал жолаушылар курортқа автобуспен жетті, деп хабарлады РИА Новости.
Әлеуметтік желіде салонда түсірілген видео жарияланды, одан ұшақтың шайқалып жатқанын көруге болады.
"25 қыркүйекте сағат 11:11-де Краснодар әуежайына Екатеринбург – Сочи бағытындағы ұшақ қонды. Себеп – Сочи аймағындағы ауа райының қолайсыздығы (найзағай). Жолаушылар автобустармен Сочиге жөнелтілді", - делінген "Аэродинамика" Кубань әуежайларының операторы таратқан хабарламада.
Қазір ұшақ әуежайда тұр, оны әуе компаниясының техникалық қызметтері тексеріп жатыр.
Сол күні, 25 қыркүйекте Сочиде ауа райына қатысты шұғыл ескерту жарияланған.