НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Нижневартовск қаласының тұрғыны хиджаб киген әйелін қолымен ұстап қараған дерматовенеролог дәрігерді соққыға жықты.
Ол күні дәрігер Владимир Жерноклеев әдеттегідей пациенттерді қабылдап отырған. Ал түстен кейін хиджаб киген әйел келді. Оған медициналық тексеріс аясында дерматовенеролог дәрігердің қарауынан өту керек еді. Бас кезінде келіншек өзін ер адам қарағанын қаламады. Сол кезде Жерноклеев басшылық арқылы әйел дәрігердің қабылдауына жазылуға кеңес берді, деп хабарлайды Mash арнасы.
Бірақ хиджаб киген әйел келісім берді. Ал Жерноклеев пациенттің ішін қарап шықты. Әйел шығып кеткеннен кейін кабинетке оның күйеуі кіріп келді. "Әйелдердің ішін ұстап көргенді жақсы көреді екенсің!", - деді де, дәрігерді соққыға жықты.
Видеода дәрігердің мұрны қанап қалған. Соққыдан миы шайқалған, бас сүйек-ми жарақатын алды. Ал дәрігерді соққыға жыққан ер адам ұсталды.
Жерноклеевтің айтуынша, бұған дейін талай әйелді қараған. Олардың ішінде мұсылман келіншектер де бар. Бірақ жанжал шығарған адам болған жоқ.