Әлем

Ресей Мемлекеттік думасына бес партия өтеді – алдын ала қорытынды

© Sputnik / Тимур БатыршинИзбирательница опускает бюллетень в урну для голосования на выборах в Госдуму России
Избирательница опускает бюллетень в урну для голосования на выборах в Госдуму России - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Ресейде дауыс беру аяқталды. 14 саяси партияның өкілдері депутаттық мандат үшін таласты

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Ресейде VIII шақырылған Мемлекеттік дума сайлауы 17-19 қыркүйек аралығында өтті.

Орталық сайлау комиссиясы хаттамалардың 47,51%-ін санады, деп хабарлады РИА Новости.

14 саяси партияның өкілдері депутаттық мандат үшін бақ сынады. Олардың екеуі Дума сайлауына алғаш рет кандидат ұсынды. Алдын ала мәлімет бойынша Мемлекеттік думаға бес партия өтеді. Олар – "Единая Россия", КПРФ, ЛДПР, "Справедливая Россия - за правду", "Новые люди".

Қалған партиялар 5 проценттік межеден өте алмайды. Олардың қатарында, атап айтқанда, Яблоко", "Зеленые", "Партия пенсионеров" және тағы басқа партиялар бар.

Жаңалықтар
0