09:40 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Бұған дейін емізулі баласы бар аналарға "Спутник V" вакцинасын салуға рұқсат берілуі мүмкін екені айтылған болатын

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. Бала емізу вакцина салуға қарсы көрсетілім болып саналады. Бұл туралы Ресейдің денсаулық министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (Ковивак, Эпиваккорона, Спутник Лайт) сәйкес жүктілік және емізулі баласы бар кезеңде вакцинаны салдыруға болмайды. Себебі бұл аралықта зерттеулер жасалмаған", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар "Спутник V" вакцинасының нұсқаулығына өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес вакцинаның пайдасы болуы мүмкін қауіптен асып кеткен жағдайда жүктілік қарсы көрсетілім тізімінен шығады.

"Емізулі баласы бар әйелдерге "Спутник V" вакцинасы әлі де қарсы көрсетілім болып саналады", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Ресейде емізулі баласы бар аналарға "Спутник V" вакцинасын салуға рұқсат берілуі мүмкін екені айтылды. "Спутник V" вакцинасын өндірген Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі емізулі баласы бар әйелдерді осы препаратпен вакциналау қарастырылып жатқанын айтты.

Бұған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің оң нәтижесі мен вакцинаның қауіпсіз екенін ескеріп, "Спутник V" вакцинасын жүкті әйелдерге салуға болатыны туралы шешім қабылдады.

Ал Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамызда емізулі баласы бар әйелдерге Pfizer вакцинасын салу мәселесі өндірушілерге жолданғанын айтты.

Алдын ала ақпарат бойынша Pfizer тек балалар мен жүкті әйелдерге салынады.

Оқи отырыңыз: "Вакцина мидың бұзылуына әкеліп соғады": шетелдік дәрігердің айтқаны рас па

 

Тақырып бойынша

Балалар, егде жастағылар мен жүкті әйелдер қандай вакцина салуға тиіс
Қазанда Pfizer вакцинасын балалар мен жүкті әйелдер ғана салдыра алады – министрлік
Жүкті әйелдер коронавирусқа қарсы екпе алуы керек пе – видео
Жүкті екенін білмей вакцина салдырған әйелдер не істеуі керек – маман жауап берді
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, омыраумен емізу
Загрузка...

Басты тақырып