Әлем

Еуропа Ресей газынан бас тарта ала ма – сарапшымен сұхбат

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өту"Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысы
Солтүстік ағын – 2 газ құбырының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Еуропадағы газ бағасының күрт қымбаттауына Ресейдің қатысы бар ма? Еуроодақ жасыл экономикаға көшсе, "Солтүстік ағын – 2" газ құбыры тиімді бола ма? Сарапшы осы сұрақтарға кеңінен жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының екінші тармағындағы соңғы құбыр Балтық теңізінің түбіне төселді. Бұл туралы 6 қыркүйекте жобаның операторы Nord Stream 2 AG компаниясы хабарлады. Ал 9 қыркүйекте фьючерстік нарықта тарихи рекорд орнады – мың текше метр газдың бағасы сауда тарихында алғаш рет 700 доллардан асып кетті.

"Солтүстік ағын – 2" жобасын іске қосу Еуропадағы газ қымбаттауына қалай әсер етеді? Еуропалықтар үшін жылыту маусымында газ жетіспеушілігі салдарынан қыста тоңып қалу қаупі туындап отырғанда "Газпром" ЕО нарығына газ жеткізуді неге ұлғайтпай отыр? Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекші аналитигі Игорь Юшков "Sputnik на русском" YouTube-арнасындағы сұхбат кезінде Ресейдің энергетикалық стратегиясының ерекшеліктерін түсіндіріп берді.

Неге Норвегияны емес, Ресейді кінәлап отыр

9 қыркүйекте Еуропада газдың қазандағы фьючерс бағасы сауда тарихында алғаш рет мың текше метр үшін 700 доллардан асып түсті. Бір ай бұрын газ фьючерсінің бағасы мың текше метр үшін 550 долларды, ал мамырдың ортасында 373 долларды құраған болатын. Еуропалық газ трейдерлері бұл жағдайды ақылға қонымсыз деп отыр. Ал еуропалық бірқатар БАҚ баға қымбаттауында "Газпром" "үлесі" бар деп жазды. Алайда Игорь Юшков бұл жағдайдың ақ-қарасын ажыратып түсіндіруге болатынын айтты.

Солтүстік ағын - 2 - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Саясаттанушы "Солтүстік ағын – 2" төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді

"Азияда газ бағасы бұдан да жоғары, - дейді ол. – Қытай газ тұтыну көлемін арттырып жатыр. Ол жақта Жапония, Оңтүстік Корея сынды ірі тұтынушылар бар. Яғни сұйылтылған табиғи газ Азияға кетіп жатыр. Сұйылтылған табиғи газ өндірушілер мейлінше көп табыс тапқысы келіп, 2021 жылы ірі партияны Азия нарығына жөнелтіп жатыр".

Сәйкесінше, Еуропа сұйылтылған табиғи газдың қосымша көлеміне зәру болып отырса, оған газды Азиядағыдай бағамен ұсынып жатыр, дейді Юшков. Ал Ресей сәуірден қазіргі уақытқа дейін бірдей көлемде газ жеткізіп жатыр.

"Сондықтан шетелдік БАҚ Ресейді газ көлемін азайтты деп айыптауы негізсіз, - дейді Юшков. – Басқа да құбыр газын жеткізушілерге назар аудару керек.
Норвегияда газ өндіру көлемі төрт жыл қатарынан азайып келеді. Ол газды мейлінше көп көлемде сұйылтып, Азияға жөнелтуге тырысып жатыр".

Сарапшының айтуынша, ішкі тұтынудың артуына байланысты Алжир де экспортталатын газ көлемін қысқартты. "Сонда Ресейді не себепті кінәлайды? Еуропалықтардың өзі де экономикалық тұрғыда тиімді әдісті қолданып жатыр емес пе?" деп сауал қойды Юшков.

Сонымен қатар трейдерлер жоғары баға туралы айтқан кезде голландиялық баға көрсеткішін басшылыққа алады. Ал ол негізінен сұйылтылған табиғи газ нарығындағы жағдайды сипаттайды. Германия биржасы одани біршама басқаша: ондағы бағаға ресейлік құбырмен жеткізулер ықпал етеді де, баға біршама төмен болады. Игорь Юшковтың айтуынша, бұл фактордың барлығын есепке алу керек.

Ресей Украинаға табыс көзін бере ме?

Трейдерлер Еуропаның жерасты қоймаларындағы газ қорының азайып жатқанына да алаңдап отыр дейді сарапшы. "Неге бұлай болды? Қысқа неге дайындалмады? – деп талқылады Юшков. – Себебі газ бағасы жыл бойы өсіп жатты. Ал компаниялар баға әлі де арзандауы мүмкін деген оймен оны қымбат сатып алғысы келмеді. Шығынға батудан қорықты. Бірақ газ бағасы арзандаған жоқ. Қазір мың текше метрі 500 доллардан сатылып жатыр. Жерасты қоймаларын толтырмаудың да себебі осы: мүмкін қыста арзандайтын шығар деп ойлайды".

Сонымен қатар көп мемлекет қоймадағы газды шығарып, қазіргі тұтыну үшін белсенді түрде сатты. Себебі 2020 жылғы жағдай мүлде басқа болатын, дейді Игорь Юшков. Ол шақта нарықтағы баға қатты төмен болды: мың текше метр үшін 100 доллар баға белгіленді.

"Әрине, қыста Еуропа жаурап қалмайды, бірақ оған Ресейден газ жеткізу бойынша қосымша қуат қажет болады, - деп санайды Юшков. – Ресей газ өндіру көлемін ұлғайта алатын, жеткізулер көлемін ұлғайта алатын жалғыз құбырмен жеткізуші болып отыр. Бұл мәселеде "Солтүстік ағын – 2" жобасы Ресейге Еуропаға қосымша газ көлемін жеткізуге мүмкіндік береді".

Рабочие на строительстве газопровода, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2021
Әлем
Байден мен Меркель "Солтүстік ағын" жайында келісті

Юшковтың айтуынша, қазір жеткізуді арттыру "Газпром" үшін тиімді болмайды. "Украин бағдарынан басқаның барлығы толық қуат бойынша жүктемеде тұр, - деп түсіндірді ол. – Егер "Газпром" келісімшартта бекітілгеннен жоғары газ көлемін айдайтын болса, онда жоғары коэффициент іске қосылады. Ал газ жөнелту тарифі қазір де арзан емес. Сондықтан көп көлемде газ айдап, ол үшін қосымша ақы төлеп, Еуропадағы газ бағасын арзандату дұрыс па, әлде бұрынғы қалыпта жұмысты жалғастырған жөн бе деген таңдау пайда болады".

Сарапшы бірінші нұсқада эконмикалық тұрғыда ешқандай мән жоқ екенін айтты. "Ресей онсыз да ұзақмерзімді келісімшарттың барлығын орындап жатыр. Егер қосымша жеткізулерді орындаса, барлық үстеме ақы украин операторына беріледі. Себебі оған жоғары деңгейдегі транзит үшін ақы төлеуге тура келеді", - дейді Юшков.

Жасыл экономика мәселесі

Игорь Юшков "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Ресей қосымша газ жөнелте алатынын айтты. "Біріншіден, ол толығымен "Газпромға" тиесілі. Яғни, өзінің еншілес компаниясына ақы төлейді, - деп түсіндірді ол. – Екіншіден, Ямалдан Германияға дейінгі қашықтық Украина арқылы өтетін жолдан 1800 километрге қысқа. Газ құбыры ұзындығының аздығына байланысты "Газпром" айтарлықтай аз энергия жұмсайды. Бұл экономика тұрғысынан алғанда да өте тиімді".

Строительство газопровода  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Әлем
Немістер Ресейге "Солтүстік ағын-2" жобасын сатуды ұсынды

Юшков жасыл экономиканың дамуы "Солтүстік ағын – 2" газ құбырына кері ықпал етпейтініне сенімді. Сарапшының айтуынша, Еуропа 2050 жылға қарай кез келген пайдалы қазбадан бас тартуы керек. Бірақ ЕО "жасыл мәмілелерге" салып жатқан инвестициялар әлі жеткіліксіз, оны арттыру қажет.

"Ал бұл өте күрделі, себебі ақырында барлығы үшін тұтынушы төлейді, - дейді Юшков. – Ал Еуропада электр энергиясы өте қымбат. Еуропа өз мақсатынан бас тартып жатқан жоқ. Бірақ мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Алдағы бірнеше онжылдықта газ әлі де сұранысқа ие болады деп ойлаймын"

Бұдан басқа Ресей энергетика саласындағы трендтерді бақылап отыр. Еуропа сутегіге көшкісі келеді. Ал сутегі табиғи газдан өндіріледі дейді Игорь Юшков. "Сол кезде Ресей сутегіні де өндіре алады, - деп ойлайды ол. – Оны "Солтүстік ағын – 2" газ құбыры арқылы жөнелтуге болады".

Сарапшы бастапқы шақта газ құбырын модернизациялаудың да қажеті болайтынын айтты. "Еуропалықтар газ-сутекті қоспаны тұтынатын өтпелі кезең турады айтып жатыр, - дейді ол. – 30% сутегіні газға араластырып, газ құбырын модернизацияламай-ақ жөнелтуге болады. Одан кейін модернизация қажет болады. Бірақ ол техникалық сипатта оңай шешілетін мәселе – бұзылулар орын алмас үшін газ құбырына арнайы өңдеу жүргізу керек болады".

Игорь Юшков сутегі нарығы жоқ екенін және еуропалықтар жай жоспар жайында айтқанын мәлімдеді. "Ешкім сутегіні үлкен көлемде өндірмейді, - деді сарапшы. – Ал қазіргі жылыту маусымы еуропалық саясаттың ақауын айқын көрсетіп тұр. Ең алдымен "Газпромды" барлық келісімшартта хабтарға қатысты баға түзілісін көрсетуге, ал келісімшарт бойынша мұнай бағасына қатысты газды жартылай арзан етіп көрсетуге мәжбүрледі. Еуропалықтар өздерінің энергетика стратегиясының "жемісін" көріп жатыр".

Сұхбаттың толық нұсқасын "Sputnik на русском" YouTube-арнасынан көріңіздер.

Жаңалықтар
0