Әлем

Пәтерді жалға алғандар ішінде қомақты ақша жатқан ескі диванды лақтырып тастады

© Sputnik / Тимур БатыршинДиваны, стоявшие в подъезде ЖК "Бухар Жырау"
Диваны, стоявшие в подъезде ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Әйелдің сөзінше, ол пәтерге көшіп келгендердің бұл әрекеті туралы бірнеше сағаттан кейін білген. Алайда жиһазды қоқыстан таба алмады

АЛМАТЫ, 6 қыркүйек – Sputnik. Мәскеуде Бейбітшілік даңғылында орналасқан пәтерді жалға алушылар үй иесінің ескі диванын лақтырып жіберді. Ал диванның ішінде 300 мың рубль (шамамен 1 750 741 теңге – Sputnik) болған, деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Соған байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

"Полицияға Бейбітшілік даңғылындағы пәтер иелерінің бірі жүгінді. Оның айтуынша, тұрғын үйдің бір бөлмесін жалға алғандар әйелдің ескі мүлкін лақтырып, жаңасын алмақ болған. Бұл диванда 52 жастағы әйел 300 мың рубльге жуық ақша сақтаған", - деді ақпарат көзі.

Әйелдің сөзінше, ол пәтерге көшіп келгендердің бұл әрекеті туралы бірнеше сағаттан кейін білген. Алайда жиһазды қоқыстан таба алмады.

Мәскеудегі ішкі істер министрлігінің өкілдігі 1968 жылы туған әйелдің ақша жоғалтқанын айтып, арыз жазғанын растады. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0