Әлем

Россотрудничество ТМД елдері үшін квота ұлғайтады

© Photo : buivuongСтудентка пишет конспект лекции
Студентка пишет конспект лекции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Sputnik-ке берген сұхбатында Россотрудничество агенттігі басшысының орынбасары Павел Шевцов Ресейдегі ЖОО-да тегін оқу үшін іріктеу жаңа оқу жылында қалай жүретіні туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек — Sputnik. 1 қыркүйек – Білім күнінде Россотрудничество федералды агенттігінің сайтында Ресейде жоғары білім алғысы келетін шетелдіктер үшін кезекті іріктеу басталды.

Биыл қабылдау науқанының ерекшелігі қандай? Неге ТМД-да орыс тілін игеруге қызығушылық артып жатыр? Ресейлік ЖОО-ларда тегін білім алу үшін кваотадан басқа қандай тетік қарастырылған? Россотрудничество агенттігі басшысының орынбасары Павел Шевцов Sputnik-ке берген сұхбатында осы сұрақтарға жауап берді.

Шетелдіктерге квота ұсынуының себебі неде

2022-2023 оқу жылында Россотрудничество шетелдіктерге арналған квота көлемін арттырады – оның саны 23 мың орынға жетеді. Былтыр агенттік 18 мың квота ұсынған болатын, деді Павел Шевцов.

"Ресей Федерациясында білім алатын шетелдік студенттерге арналған квотаны арттыруға арналған жұмыстар бірнеше жыл бойы жүрді, - деді ол. – Бұл тақырыпты Мемлекеттік Дума депутаттары, Федерация кеңесінің мүшелері де жиі қозғады.  Россотрудничество, сыртқы істер министрлігі мен білім және ғылым министрлігінің бұл бірлескен еңбегі былтыр РФ үкіметінің квотаны ұлғайту туралы қаулыға қол қоюына жеткізді".

Россотрудничество іріктеуіне қатысу үшін 175 елдің абитуриенті өтініш жолдады. Алайда Шевцов агенттік үшін ТМД басымдыққа ие екенін айтты.

"ТМД-ның барлық елі үшін квота арттырылады. Бір елде көп, бір елде шамалы көбейеді, - дейді ол. – Мысалы, Тәжікстанда квота саны 630 орынды құрайды. Бұл көп, сондықтан квота санын шамалы, 750-ге дейін ұлғайтамыз".

Сол сияқты келесі жылы өзбек абитуриенттер 750 орын үшін бақ сынай алады. Биыл Өзбекстан өкілдері үшін 450 квота бөлінген. Павел Шевцов квота көлемін белгілеу кезінде агенттік шетелдегі ресейлік елшіліктермен және Ресейдің ірі компанияларымен кеңескенін айтты.

"Біз ел экономикасына арналған кадрларды дайындайтынымызды басшылыққа аламыз, - деді ол. – Квотаның негізгі мақсаты – ол адамның Ресейге келіп, мұнда сапалы білім алып, қайтадан өз еліне қайтып, елдің экономикалық әл-ауқаты артуы үшін еңбектенуі. Сондықтан алдағы 4-6 жыл бойы сол елдің экономикасы үшін маңызды болатын мамандықтарды оқитын адамдарды шақыру қажет".

ТМД талапкерлері өте белсенді

Павел Шевцов оқуға өтінім жолдамас ұрын, студенттердің өзі де нарыққа талдау жүргізуі қуантатынын айтты.

"Дайындық бағыты бойынша әртараптылықты байқап отырмыз, - дейді ол. – Сондықтан балалар баяғыдай тек заңгер-экономист мамандығын алу үшін ғана келмейді. Олар ЖОО рейтингін бақылап, клиникалық медицина, қоғамды дамыту, ІТ-технологиялар бойынша бағытты таңдап отыр".

Павел Шевцов ТМД елдерінен келген абитуриенттер Россотрудничество іріктеуінің өте белсенді қатысушылары екенін айтты. Оның айтуынша, ресейлік білімге Тәжікстан қатты қызығушылық танытып отыр. Мысалы, биылғы 630 орынға 6 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

"Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения да белсенді, - деп жіктеді Шевцов. – Жалпы ТМД елдерінің қай-қайсысы болса да бұл мәселеде белсенді. Бұл фактор біздің елдеріміздің арасындағы тарихи байланыстың да нәтижесі екені сөзсіз. Сонымен қатар орыс тілін меңгеруге деген қызығушылық артты".

Шевцовтың айтуынша, мемлекеттер ағылшын, француз немесе түрік тілдеріне басымдық беріп, түрлі тіл модельдерін дамытқан кезең болды. Алайда қазір орыс тілін үйренуге деген қызығушылық артып жатқаны байқалады.

Ресейлік ЖОО-ға қалай онлайн түсуге болады

Павел Шевцов квота алу үшін өтінішті онлайн әдіспен education-in-russia.com сайты арқылы жолдауға болатынын айтты.

"Барлығы оңай: ол адам тіркеледі, сонда жеке кабинет пайда болады, ол жақта Ресейде қандай мамандық бойынша оқуды қалайтынын нақтылайтын бөлім бар, - деді Шевцов. – Мысалы, сізді "Қаржы және кредит" бағыты қызықтырады делік. Сәйкесінше осы бағытты таңдайсыз. Жүйе "Қаржы және кредит" бағыты бойынша маман дайындайтын барлық университетті көрсетеді. Мәскеудегі екі, Санкт-Петербургтегі екі, өңірлік екі жоғары оқу орнын таңдауға болады".

Одан кейін абитуриент тиісті құжаттарды ұсынуы керек.

"Ол да оңай, - дейді Павел Шевцов. – Содан кейін тест сынағының күні мен уақыты туралы хабарламаны күту қажет. Ол жеке кабинетке келеді. Тестті онлайн тапсырады. Тәжікстан мен Өзбекстаннан басқа барлық елде біз мұндай форматта сынақты өткізіп көрдік".

Павел Шевцов абитуриент квота іріктеуінен өте алмаса, бұл Ресей есігі ол үшін жабық дегенді білдірмейтінін айтты.

"ТМД абитуриенттері отандастарға арналған бағдарламалар сынды түрлі бағыттар бойынша оқи алады. Сол сияқты жеңілдік бағдарламалары бар", - дейді ол.

Шевцов Ресейде көп олимпиада өтетінін еске салды. Россотрудничество қолдау көрсететін ең танымал халықаралық олимпиада Open Doors деп аталады.

"Олимпиада – дарынды адамды анықтаудың ең әмбебап және дұрыс әдісі. Мамандандырылған басқа да олимпиадалар бар. Оларды бақылап отыру керек", - деп қорытты Шевцов.

Сұхбаттың толық нұсқасын орыс тілінде Sputnik агентігінің YouTube арнасынан көре аласыздар.

Жаңалықтар
0