Әлем

Әйелдің аяғы жұлынып кеткен: Ресейде жолаушылар мінген автобус жарылды – видео

© Photo : Правительство ВоронежаВзрыв в автобусе в Воронеже
Взрыв в автобусе в Воронеже - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Төтенше жағдайдан 18 адам зардап шекті. Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдары жұмыс істеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ресейдің Воронеж қаласында бағдардағы ПАЗ автобусы жарылды, деп хабарлады РИА Новости.

Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдары жұмыс істеді. Воронеж облысының губернаторы Александр Гусевтің мәліметінше, төтенше жағдайдан 18 адам зардап шекті, олардың бірінің аяғы жұлынып кеткен – әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Төтенше жағдайдан кейін қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмысты атқару немесе қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады РФ Тергеу комитеті.

Ведомство басшысы Александр Бастрыкиннің айтуынша,    Мәскеуден Воронежге криминалистер мен тергеушілер жіберілді.

Терроризмге қарсы ұлттық комитет оқиғаның әртүрлі нұсқалары қарастырылып жатқанын хабарлады.

Жаңалықтар
0