Әлем

ПТР-тест және интернет: қазақстандық талапкер ресейлік ЖОО-ға қалай түсе алады

© Photo : buivuongСтудентка пишет конспект лекции
Студентка пишет конспект лекции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Қазақстандықтар көбіне "Энергетика" және "Ақпараттық жүйелер және технологиялар бойынша оқуға түскен

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Ресейдің тау-кен өнеркәсібі бойынша жоғарғы білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі – Т.Ф.Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті (КузМТУ) бакалавриат, специалитет және магистратура бағдарламалары бойынша Қазақстан студенттерін қабылдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі. 

Кузбасс политехі - көмір, химия және құрылыс салалары, экономика, машина жасау және энергетика сынды жетекші өнеркәсіптік секторларға арналған кадрларды даярлау бойынша негізгі салалық университеттің бірі. 

© Photo : предоставлено пресс-службой КузГТУКузбасс мемлекеттік техникалық университетінің бас корпусы
ПТР-тест және интернет: қазақстандық талапкер ресейлік ЖОО-ға қалай түсе алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Кузбасс мемлекеттік техникалық университетінің бас корпусы

Осы жылы шетелдік абитуриенттер оқуға түсуге арналған құжаттарды ЖОО-ға келіп те, арнайы интернет-платформалардың көмегімен онлайн тәртіпте де тапсыра алады. Бұл туралы КузМТУ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Инна Певнева айтып берді. 

"Кемеровоға келіп, университеттің қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыруға немесе "Онлайн оқуға түс" суперсервисі немесе біздің жеке порталымыз арқылы құжаттар пакетін жүктеуге болады. Егер абитуриент бұл әдістің бірінші нұсқасын таңдаса, онда емтиханды тікелей тапсырады. Құжаттарды интернет арқылы жолдаған жағдайда емтиханды қашықтан тапсыру қажет болады", - деді ол. 

Оның айтуынша, порталда тіркелгеннен кейін және құжаттар пакетін жүктеген соң талапкердің жеке кабинетінде емтихандар кестесі пайда болады. 

"Тікелей және қашықтан тапсырылатын сынақтар бір уақытта болады. Емтиханның басым бөлігі жазбаша тапсырылады. Емтихан тапсырар алдында оның жеке тұлғасын растау бойынша процесс жүреді және абитуриент жұмыс істейтін камера мен микрофонды алдын ала дайындап қоюы керек. Күндізгі оқуға түсетін талапкерлер үшін алғашқы емтихан 19 шілдеде, сырттай оқитындар үшін 18 тамызда басталады", - деді Певнева. 

Қазақстан азаматтары РФ азаматтарымен тең құқық тәртібінде бюджеттік негіздегі оқуға арналғған конкурсқа қатыса алады. Сонымен қатар шетелдік абитуриенттер коммерциялық негіздегі өздеріне ұнаған бағытты таңдай алады. 

© Photo : предоставлено пресс-службой КузГТУУниверситет зертханасы
ПТР-тест және интернет: қазақстандық талапкер ресейлік ЖОО-ға қалай түсе алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Университет зертханасы

Сондай-ақ КузМТУ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Ресейге келетін шетелдік студенттердің қолында ПТР-тест болуы керектігін айтты. 

"Роспотребнадзор ұсынысы бойынша Ресейге келетін азаматтар коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР-тестті екі рет тапсыруы керек. Біріншісі – Ресейге келуден үш күн бұрын, екіншісі – ел аумағына кіргеннен кейінгі 72 сағаттың ішінде. Егер тест олардың коронавирус жұқтырмағанын растаса, қалыпты режимде оқуды бастай береді. Студенттерді міндетті вакциналау бойынша талап жоқ", - деп түсіндірді Певнева. 

Бүгінгі күні КузМТУ-де әлемнің 11 елінен келген 11 мыңнан астам азамат білім алып жатыр. Оның ішінде қазақстандық 36 студент те бар. ЖОО-дағы оқытушы профессорлар құрамына 538 маман кіреді. Оның ішінде 291 – ғылым кандидаты, 77 – ғылым докторы. 

"Университеттің қазіргі құрылымы жеті ғылыми-білім беру институтынан тұрады: тау-кен, энергетика, химия және мұнай-газ технологиялары, құрылыс, ақпараттық технологиялар және машина жасау, экономика және басқару, кәсіби білім. КузМТУ 246 мамандық бойынша жоғарғы, орта және қосымша кәсіби білім, аспирантура және докторантура бойынша кадр даярлайды", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

ЖОО ұсынған ақпарат бойынша, Қазақстаннан барған студенттер көбіне "Энергетика" және "Ақпараттық жүйелер және технологиялар" бағытын таңдайды. 

© Photo : предоставлено пресс-службой КузГТУСветлана Войтова
ПТР-тест және интернет: қазақстандық талапкер ресейлік ЖОО-ға қалай түсе алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Светлана Войтова

"Мен Қазақстандағы қарапайым ауыл мектебінде оқыдым. Оқу жылының соңыда мектебімізге түрлі университеттің ұстаздары келді. Оның ішінде КузМТУ да бар. Олар жоғарғы оқу орнында қандай бағыттар бар екені туралы, студенттердің білім алу процесі мен тыныс-тіршілігі туралы айтып берді. Осы кездесуден кейін мен Кемеровоға оқуға баруға бел байладым. Ол өз үйімнен алыс екеніне жүрексінген жоқпын. Нәтижесінде бюджеттік негіздегі оқуға түстім", - дейді КузМТУ-дегі "Қоршаған ортаны инженерлік қорғау" мамандығы бойынша үшінші курс студенті Светлана Войтова (Есіл ауданы, Явленка ауылы). 

Студент қыз аталған ЖОО-ға  түсу үшін орыс тілі, математика және физика пәндерінен емтихан тапсырғанын айтты. 

"Мұнда бейіндік техникалық пәндерден бөлек экономика, философия, психология сынды гуманиитарлық бағыттағы сабақтар да бар. Маған қатты ұнайды. Алайда мен үшін экология аса қызықты: пластикті не себепті бөлек қоқыс жәшігіне салу керек, қалдықтарды өртеу кезінде қандай зат бөлінеді, қандай тазалау әдістері бар – осының барлығын университетте оқып-біліп жатырмыз", - деді Войтова.

Оның айтуынша, КузМТУ-де оқудан тыс жұмыс та белсенді дамыған. 

"Мен бірінші курстан бастап қоғамдық қызмет – волонтерлікпен айналысамын. Бірінші курс оқып жүрген шағымда Омбы қаласында өтетін волонтерлер форумына бару мен үшін қызықты болды. Біз түрлі тақырыптағы дәрістерді тыңдап, қызықты адамдармен таныстық. Студент кезде оқудан басқа іспен айналысудың маңызды екеніне сенімдімін. Мұнда кез келген адам жанына жақын істі таба алады: КузМТУ-дің Шерегеш тау-кен курортында өз базасы бар, екі студенттер театры, хореография студиясы, көңілді тапқырлар клубы, волонтерлік, студенттер жасағы, спорт секциялары, ұлтаралық достық клубы бар", - дейді Войтова. 

Войтованың айтуынша, ЖОО ғылыми зерттеумен айналысатын студенттерге де үлкен қолдау көрсетеді. КузМТУ-де 24 ғылыми зертхана, 14 ғылыми және сараптамалық орталық, 9 ғылыми мектеп бар. 

© Photo : предоставлено пресс-службой КузГТУЖобалық студенттік сессия
ПТР-тест және интернет: қазақстандық талапкер ресейлік ЖОО-ға қалай түсе алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жобалық студенттік сессия

Сондай-ақ университетте "Ориентир" Студенттердің өндірістік тәжірибесі және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру орталығы бар. КузМТУ-де инженерлік білім алған түлектердің 90%-ке жуығы жұмысқа орналасқан; ал Ресейдегі ірі көмір-кен компанияларындағы мамандардың 38%-і КузМТУ түлектері. 

Университеттің стратегиялық серіктестерінің арасында ресейлік және шетелдік ірі кәсіпорындар бар. Олар: "СУЭК-Кузбасс" АҚ, "СГК" АҚ, "СДС" ХК, "Кокс" ЖАҚ, "МРСК Сибири – Кузбассэнерго – РЭС" ЖАҚ филиалы, "Сбербанк России" ЖАҚ, "КАМАЗ" жақ, ЕвроХим, "БЕЛАЗ", Libherr, Becker, FANUK. 

Сондай-ақ қазіргі кезде университет академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтымен, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетімен, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен, Инновациялық Еуразия университетімен ынтымақтастық орнатқан. Аталған университет Жібек жолы елдерінің университеттері мен консалтинг компаниялары қауымдастығының құрамына кіреді.

Жаңалықтар
0