Әлем

Лавров: Қазақстан мен Ресейді стратегиялық әріптестік біріктіріп отыр

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр иностранных дел России Сергей Лавров
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Алматыда 23-25 маусым күндері Expo-Russia Каzakhstan 2021 тоғызыншы халықаралық өнеркәсіптік көрмесі және жетінші Алматы бизнес-форумы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Қазақстан мен Ресейді достық пен өзара сыйластық дәстүріне негізделген стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық қарым-қатынас байланыстырып тұр. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Expo-Russia Каzakhstan 2021 тоғызыншы өнеркәсіптік көрмесіне қатысушыларға арнаған сөзінде айтылған.

Министрдің сәлемдеме сөзін Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров оқыды.

"Ресей мен Қазақстанды достық, өзара сыйластық және сенім дәстүріне негізделген стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынасы біріктіреді. Біздің халқымыздың арасындағы бауырластық байланыстың нығаюына ЕАЭО, ҰҚШҰ және ТМД секілді интеграциялық жан-жақты құрылымдардың аясындағы тығыз мемлекетаралық өзара әрекеттестік ықпал етіп отыр", - деді Лавров өз үндеуінде.

Ресей СІМ басшысының айтуынша, бүгінде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен әртараптандыруды қамтамасыз ету, сауда құрылымы мен сапасын жақсарту, екі елдегі компаниялардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға үлес қосу маңызды.

"Бұл бағытқа конгресс-көрме шаралары үлкен үлес қосып отыр. Соңғы жылдары олар жетістіктерді паш ету, тәжірибе алмасу және пайдалы байланыс орнатуда тиімді алаң ретінде танылып келеді", - деді Лавров.

Ол жыл сайынғы көрме осы жолы да іскерлік сипатта өтетініне, оның бағдарламасын жүзеге асыру қатысушыларға бірлескен жаңа бастамалар мен жобаларға жол ашатынына үміт білдірді.

23-25 маусымда Алматыдағы Rixos Almaty ғимаратында сарапшылар ЕАЭО аясындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда мәселелерін талқылайтын Expo-Russia Kazakhstan 2021 тоғызыншы халықаралық өнеркәсіптік көрмесі және жетінші Алматы бизнес-форумы өтіп жатыр.

Бүгін Алматыға 10 адамнан тұратын ресейлік делегация келді.

Жетінші Алматы бизнес-форумында шараға қатысушылар екі ел арасындағы қарым-қатынасты, пандемия мен экономикалық процестерді цифрландыруға қатысты сын-тәуекелдерді талқылайды.

Сонымен қатар медицина мен фармацевтика, көлік пен логистика, энергетика мен тау-кен ісі, білім беру салаларын қамтитын Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының негізгі тақырыптарына арналған бірқатар дөңгелек үстел мен семинар өтеді.

Expo-Russia Kazakhstan 2021 өнеркәсіптік көрмесі 1 маусымнан 31 шілдеге дейін онлайн форматта да өтіп жатыр. Көрме сайтында шараға қатысушы компаниялармен және олардың өнімдерімен танысуға болады.

Жаңалықтар
0