07:17 22 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.23
  • EUR508.19
  • RUB5.85
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Елші Қазақстан мен Ресей коронавируспен күреске күш салып отырғанын атап өтті, сонымен қатар елдер біртіндеп қалыпты өмір салтына орала бастайтынына сенім білдірді  

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин отандастарын Ресей күнімен құттықтады.

Ресей күні жыл сайын 12 маусымда аталып өтеді.

"Бұл мереке Ресей мемлекетінің қуаты мен айбындылығын, оның халқының бірлігі мен біртұтастығын, біздің көпғасырлық тарихымызға, ұлы бабаларымызға және бай мәдени және рухани мұраларымызға деген шынайы мақтанышты білдіреді", - делінген құттықтау мәтінінде.  

Елші сонымен бірге Ресей демократия мен заңдылыққа, әлеуметтік әділеттілікке, қарқынды дамып келе жатқан экономикаға, сындарлы сыртқы саясатқа және сенімді қорғаныс қабілетіне негізделген прогресс және өркендеу жолымен сенімді түрде жүріп келе жатқанын атап өтті.

"Біздің отанымыздың лайықты болашағының кепілі – бұл патриотизм, Ресейдің игілігі жолындағы жасампаз еңбек, тарихи жадыны сақтау және халқымыздың ұлы жетістіктерін арттыру", - деп толықтырды Бородавкин.

Дипломат Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық мәселелерін де ерекше атап өтті.

"Пандемиядан туындаған барлық қиындыққа қарамастан, Ресей мен Қазақстанның одақтастық қарым-қатынасы мен интеграциялық байланыстары екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар мен бірлестіктер шеңберінде де қарқынды дамып, нығайып келеді", - деді ол.

Бородавкиннің пікірінше, елдер біртіндеп қалыпты өмір салтына орала бастайды: делегация алмасу қалпына келтіріледі, тұрақты көлік қатынасы қайта жанданып, шектеулер жеңілдейді.

"Мұнда коронавирус инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша елдеріміздің үкіметтері қабылдаған шаралар ғана емес, біздің қоғамымыздың әр мүшесінің зерделілігі мен жауапкершілігі үлкен рөл ойнады. Біз бірлескен күш-жігердің арқасында жақын арада толыққанды диалогты қалпына келтіріп, қарқынды өмір ырғағына оралып, пандемиялық шектеулерсіз елдеріміздің игілігіне жұмыс істейміз деп сенеміз", - деп түйіндеді ол.

Ресейдің Қазақстандағы елшісі сондай-ақ отандастарына мықты денсаулық, барлық істеріне сәттілік, бақыт, өркендеу мен амандық тіледі.

Загрузка...

Басты тақырып