23:52 16 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR517.55
  • RUB5.94
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
33 0 0

Ресейлік бақылау қызметі Twitter мен Facebook-ке жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Twitter тыйым салынған 500-ге жуық жазбаны өшірмеген. Бұл жөнінде Роскомнадзор сайтында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

"2015 жылдан бері әлеуметтік желідегі алты мыңнан астам тыйым салынған материал өшірілмеген. Әлеуметтік желі трафигін баяулату іс-шаралары қабылданған соң 490 материал жойылмаған қалпы тұр. Тыйым салынған материалдарды өшіру бойынша талаптарды орындаудың орташа уақыты 129-дан сегіз тәулікке дейін қысқарды", - деп жазылған релизде.

Сонымен қатар, ведомство ресейлік БАҚ пен ақпарат ресурстарына цензура жасалған 11 жағдайды анықтады. Олардың қатарында Russia Today, Sputnik, "РИА Новости" және ресейлік пайдаланушылардың бірнеше аккаунты мен жобасы ("Лидеры России", "Спутник V" вакцинасы және басқа) бар.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы он хаттама толтырылды. Бүгінгі күні сот барлық хаттаманы қарады. Тыйым салынған ақпаратты жоймағаны үшін салынған айыппұлдың жалпы сомасы 27,9 миллион рубльді құрайды. Мәліметтерді шектеу туралы ресейлік заңнаманың талаптарын орындамағаны үшін салынған айыппұл – төрт миллион рубль", - деп жазылған хабарламада.

Ресейлік реттеуіш Facebook/Instagram мен Google/YouTube платформаларын да тексерді. Facebook/Instagram әлеуметтік желісінде соңғы алты жылда тыйым салынған 3,7 мың материал өшірілмеген (талаптарды орындаудың орташа уақыты 105 тәулікті құрады), ал екінші жағдайда – 5,2 мың (82 күн). Сәйкесінше 26 және 29 жағдай бойынша цензура анықталды. Дербес деректерді өңдеу де шектелмеген.

Facebook-ке қарсы 13 хаттама толтырылды және қарастырылды. Айыппұлдың жалпы көлемі 7 миллион рубльді құрады. Google-ге қарсы сегіз хаттама толтырылып, оның үшеуі қаралды. Әзірше компанияға салынған айыппұл сомасы алты миллион рубльді құрап отыр.

Ресей заңнамасы бойынша интернет-платформаның әкімшілігі күмәнді контентке қолжетімділікті бір тәуліктің ішінде шектеуі керек. Олай болмаған жағдайда үштен сегіз миллион рубльге дейін айыппұл салынады. Егер бұл құқықбұзушылық тағы қайталанса, онда айыппұл көлемі компанияның жылдық айналымының 0,1%-інен 0,2%-іне дейін арта береді. Сондай-ақ трафикті баяулату және толық шектеу қарастырылған.

Роскомнадзор атап өткендей, аталған іс-шаралар ақпараттық егемендік пен ашықтық қағидасына негізделген.

"АҚШ-тағы Шетелдік агенттерді тіркеу туралы заң (Foreign Agents Registration Act, FARA) нацистік үгіт-насихатпен күрес аясында 1938 жылы қабылданғанымен күні бүгінге дейін қолданыста. Алайда құжаттағы ұғымдар нақты емес. Мысалы "саяси" деген түсінік америкалық ведомство немесе лауазымды тұлғаның жұмысына әсер ететін кез келген қызмет түрін қамтиды", - деді ведомство.

Реттеуіш АҚШ-тағы шетелдік агенттерге қойылатын талаптарды Ресейдегіге қарағанда "ауқымды" деп атады: әділет министрлігіне тіркелу және қаржылық есеп тапсырудан бөлек, ұйымдар өз материалдарын белгілеп, өз жұмысының барлық аспектісі туралы мәлімет жолдауы керек.

Америкада бұл заңды бұзғаны үшін қолданылатын жаза түрі де әлдеқайда қатаң – бес жылға дейін түрмеге жабу немесе он мың долларға дейінгі айыппұл, жұмыс істеуіне тыйым салу, шетелдік азаматтар үшін – депортация (Ресейде негізінен айыппұл салу қарастырылған).  

Загрузка...

Басты тақырып