23:45 12 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
7810

Ресейдің озық қару-жарақ технологиясын жетілдіруі бейбітшілікті сақтауға бағытталған. Жауынгерлік мүмкіндіктерін уақыт өткен сайын арттырып жатқан "Искандер-М" жедел тактикалық зымыран кешені тұрақтылықты нығайтудың ең сенімді құралдарының бірі болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Көп мақсатты ЖТЗК "Искандер-М" дәлдігі жоғары аэробаллистикалық зымыранмен жабдықталды. Ол қарсыластың радарына түспейді. 500 километрге дейінгі қашықтағы нысандарды дәлдеп, күрделі маневрлерді орындай алады. Оның басқару жүйесі де жетілдіріліп, конструкциясында композитті материалдар қолданылды.

Бұл зымыранның крейсерлік жылдамдығы – 7 500 км/сағ және жауынгерлік бөліміндегі негізгі нұсқалары сақталады. Бұған дейін "Искандердің" оқ-дәрі тізбегінде аэробаллистикалық бес модификция және қанатты зымыранның екі түрі болды.

27 мамырда Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс мәселесіне арналған жиында "Искандер" кешенінің технологиялық әлеуетін жоғары атап көрсетті. НАТО-дағы стратегтердің айтуынша, "Искандер-М" ресейлік қауіпті қару-жарақтың үштігіне кіреді. Бұл үштікте сонымен қатар С-400 "Триумф" зениттік зымыран жүйесі және "Бастион" жағалау зымыран кешені бар.

Оның үстіне "Искандер" жауынгерлік мүмкіндіктері тұрақты түрде жетілдіріліп келеді. Ол Сирия Араб Республикасының аумағындағы соғыс жағдайында сынақтан өткен. Сарапшылардың пікірінше, модернизацияланған әлеуеті "Искандерге" 2030 жылға дейін үздік қару қатарында болуды қамтамасыз етеді.

Біраз бұрын Ресей қорғаныс министрлігі "Искандер-М" ЖТЗК-де барлық он зымыран бригадасы қайта қаруланғаны және тағы үш бригада қалыптасатыны туралы хабарлады. Ресейлік қорғаныс өнеркәсібі жыл сайын екі бригадалық кешен шығарады. Кешеннің экспорттық "Искандер-Э" нұсқасы Армения мен Алжирдің қару-жарақ техникасы қатарында тұр.

"Искандер" қарсыластың маңызды объектілерін – басқару пункттерін, зениттік-зымыран қондырғыларын іске қосу нүктелерін және орташа радиустағы зымырандарды және басқа да нысандарды жоюға арналған.

"Искандер-М" бригадасының жинағы 51 машинадан тұрады. Оның ішінде 12 іске қосу қондырғысы, 12 көліктік-оқтаушы, 11 қолбасшылық-штабты және 14 өмірді қамтамасыз ету машинасы бар. Бригада екі минуттың ішінде 24 зымыранмен соққы жасай алады. "Искандердің" аэробаллистикалық зымырандары квазибаллистикалық траекторияларда 50 километрге дейінгі биіктікте ұша алады.

Зымыран соққыларына дайындық пен іске асыру процестерінің интеграциясы мен автоматтандырылуы есебінен "Искандер-М" зымыран бригадасын басқару жүйесі соғыста тиімді қолдануды қамтамасыз етеді. Ол әскерді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен интеграциялау нәтижесінде нақты уақыт режимінде авиация, флот, барлау, ұшқышсыз ұшу аппараттарынан нысананы дәлдеу мәліметтерін қабылдап, теңіздегі жылжымалы нысандарға да соққы жасай алады.

"Искандерден" алғаш рет оқ ату 2020 жылдың жазында Оңтүстік әскери округте орындалды. "Бал" және "Бастион" жағалау кешендерімен ықпалдасқан жағдайда "Искандер" жағалаудағы эшелонды қорғанысты нығайтып, теңіз шекарасын тиісті деңгейде қорғай алады.

"Искандер" бар зымыранды он бригада дәлдігі жоғары 300-ге жуық зымыранмен жаппай бір уақытта оқ атуға қауқарлы және іске қосу қондырғыларын жедел түрде қайта оқтағаннан кейін бұл әрекетті артынша қайта орындай алады.

Кейбір сарапшылар "Искандер-М" дәлдігі, зымырандарды іске қосу жеделдігі секілді бірқатар сипаттамалары бойынша Lance, ATACMS, Pluton сынды балама техникадан озық тұр.

"Искандер-М" кешенінің басты артықшылығы – стратегиялық модильділік, жауынгерлік кезекшіліктің құпиялығы, ұшу кезіндегі тапсырманы автоматты есептеу және іске қосу, жауынгерлік тапсырманың орындалу ықтималдығының жоғары көрсеткіші.

Кілт сөздер:
зениттік зымыран кешені, зымырандар
Загрузка...

Басты тақырып